СӨС қолдау – Balalyq Alemi
 

СӨС ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

* бұл жоба авторлық құқықпен тіркелген және тіркелген сауда белгісіне ие.

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазір қоғамда дені сау ұрпақ мәселесі өзекті болып тұр. Зиянсыз деп табылатын факторлардың зардабы тиіп жатыр.

ГАДЖЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК

Қазіргі заманауи құралдарға балалардың тәуелділігі жаңалық емес. Балаларының сандық техниканы шектен тыс пайдалануы ата-аналардың «бас ауруына» айналды. Бұл- олардың денсаулығының нашарлауы, психологиялық және әлеуметтік – бейімделу мәселелері.

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ БУЛЛИНГ

Ата-аналардың шектен тыс жұмысбастылығы, ұрпақ сабақтастығының үзілуі, «аулалардың» қоғамның мүлкіне айналмауы және басқа да тенденциялар қазіргі балалардың қоғамнан тыс қалуына әкеліп соқтырып отыр. Осының нәтижесінде балалар «үйқамақта» қалды, қоршаған ортаға қызығушылықтары жоқ, озбыр мінезді, ал кейде қудалауға да түсіп жатады.

АРТЫҚ САЛМАҚ ПЕН СЕМІЗДІК

Қазақстандағы әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан. Оның себебі - қозғалыстың аздығы мен дұрыс тамақтанбау. Бала кезден семіздікке шалдығу есейгенде мүгедектік пен ерте өмірден кетуге алып келеді. Есейгендегі қауіптен бөлек семіздік жүрек-қан тамырлары ауруына, гипертония, инсулинге тәуелділікке әкеліп, адамды психологиялық күйзеліске түсіреді.

ФАСТФУД ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР

Балалардың артық салмақ қосуы фастфудты көп жеп, дұрыс тамақтанбаудан шығады. Бір ғана дұрыс тамақтанбаудың өзі ағзаның қорғаныш жүйелерін бұзып, инфекцияға, сыртқы қолайсыз жағдайларға, озбыр күштерге қарсы тұру мүмкіндігінен айырады.

ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН АРНАЙЫ ЖОБАЛАР

Әлемдік тәжірибелерді және әр түрлі тәсілдерді үйрене отырып, болашақта ұлттың денсаулығын жақсарту бойынша келесі жобалар мен бағыттарды ұзақ мерзімде жүзеге асыруды бастауды жобалап отырмыз

САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ

2020 жыл қазақстанның әр отбасы үшін оңай болған жоқ. Көптеген отбасылар қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келіп, тығырыққа тірелді. Мемлекет бұл тығырықтан қалай шығады? Керісінше дағдарысты ұлттық қозғалыс идеяларын құру мүмкіндіктері ретінде пайдаланып қалу керек. Қозғалыс – дене белсенділігінің ең қарапайым қолжетімді тәсілі. Біз әр отбасына нақты қаражат бөлу арқылы дене қозғалысына белсенді қатысуын қамтамасыз етеміз.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Жобаның ұраны: « Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз». Әр отбасына дене қозғалысын қаражатқа ауыстыруды ұсынып отырмыз, яғни мемлекет ипотекасы мен кредитін жауып береді. Қозғалыс көбірек болса, жеңіс те соғұрлым тез келеді.

ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

ҚАТЫСУШЫЛАР
Дағдарысқа қарсы жобаға қазақстандық отбасылары қатыса алады (4 отбасына дейін, 12 жастан бастап)
МІНДЕТТЕРІ
Қатысушылар өздерінің смартфондарына жыл бойы өздерінің қадамдарын есептеп отыратын бағдарламаны енгізіп қояды. Мақсаттарын таңдауға болады – ипотеканы жабу немесе игі істер жасау.
НӘТИЖЕЛЕР МЕН ЖҮЛДЕЛЕРІ
Ай сайын рейтингідегі «белсенді» отбасы сыйлыққа спорт жабдықтарын алады. Жыл қорытындысы бойынша 3-5 ең белсенді отбасы іріктеліп, ипотекасын немесе кредитін жабу жүлдесіне ие болады. «Игі істер» таңдағандардың жиналған сомасы балалар спортын қолдауға беріледі.

САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР

Мәдениет және спорт министрлігіне жасөспірім спортшылардың ата-аналарына салықтық жеңілдіктер жасау туралы ұсыныспен шығуды жоспарлап отырмыз. Кез келген спорт ата-аналардың көп қаражатын талап етеді. Киім-кешек, жабдықтар, жаттығулар – барлығына көп қаражат кетеді. Баласы спорт ұйымдарында жүрген ата-анаға қосымша салықтық жеңілдіктер берілсе, оларға қаражат жағынан көп көмек болатыны сөзсіз. 18 жасқа дейінгі баласына төлем жасап отырған ата-аналарға жылына 250 мың теңгеге шығындалған болса, арнайы салықтық шегерімдер жасалады. Осындай жағдайлар жасау арқылы біз еліміздің спорт резервін нығайта аламыз, балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, барлық деңгейдегі және жекеменшік спорт ұйымдарын дамыта аламыз.

СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУЫ

Әрбір оныншы баланың көңіл-күйінде күйзеліс пен психологиялық ауытқушылық бар. Біз Ұлыбританиядағы 25 мектептің оқушыларына спорт жұлдыздары жарты жыл бойы психологиялық қолдау көрсетіп отырған тәжірибелік -пилоттық жоба бастаған жаңашыл бастамаларын көріп жігерлендік. Жоба нәтижесі дене қозғалысы болашақта кездесетін психологиялық мәселелердің алдын алуға көмектесетінін көрсетті. Біз осылай мектеп оқушыларына қолдау көрсететін спорт жұлдыздарымен кездесу ұйымдастырып, мастер-класстар өткізіп, өзіне сенімділік қалыптастырудың базасын құрып, спорттық потенциалды жүзеге асыруды бастамақпыз.